О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1428 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2012 - 2014 годы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде: 13 «Басқалар» деген функционалдық топта: 220 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген әкімшіде: 014 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада: «2012 жыл» деген бағанда: «Жамбыл облысы» деген жолдағы «2 986 446» деген сандар «2 586 446» деген сандармен ауыстырылсын; «Қарағанды облысы» деген жолдағы «840 000» деген сандар «1 840 000» деген сандармен ауыстырылсын; «Қостанай облысы» деген жолдағы «453 575» деген сандар «882 867» деген сандармен ауыстырылсын; «Қызылорда облысы» деген жолдағы «2 182 867» деген сандар «1 453 575» деген сандармен ауыстырылсын; «Павлодар облысы» деген жолдағы «2 670 000» деген сандар «2 370 000» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 19-4-қосымшада: «Сомасы, мың теңге» деген 3-бағанда: реттік нөмірі 5-жолдағы «1 273 852» деген сандар «1 007 852» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 15-жолдағы «507 338» деген сандар «773 338» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.