О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1428 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2012 - 2014 годы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Білім беру» деген 4-функционалдық топта: 225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген әкімші бойынша: 005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада: мына: « Аты­рау қа­ла­сын­да мұ­най-газ са­ла­сы үшін тех­ни­ка­лық және қыз­мет көр­се­те­тін ең­бек кадр­ла­рын дай­ын­дау және қай­та да­яр­лау бой­ын­ша 700 оқу­шы­лық орын­ға ар­нал­ған ай­ма­қа­ра­лық кә­сіп­тік оқу ор­та­лы­ғын са­лу 108 696 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Аты­рау қа­ла­сын­да мұ­най-газ са­ла­сы үшін тех­ни­ка­лық және қыз­мет көр­се­те­тін ең­бек кадр­ла­рын дай­ын­дау және қай­та да­яр­лау бой­ын­ша 700 оқу­шы­лық орын­ға ар­нал­ған ай­ма­қа­ра­лық кә­сіп­тік оқу ор­та­лы­ғын са­лу 87 696 »; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « Аста­на қа­ла­сын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­те­ті­нің 250 орын­дық жа­тақ­ха­на­сын са­лу­ға жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма әзір­леу 21 000 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.