О внесении изменения в постановление акимата города Балхаш от 1 декабря 2011 года № 48/04 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в Президенты, депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №48/04 «Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №48/04 «Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №8-4-254, 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 143-144(11812) «Балқаш өңірі», №140 (849) «Северное Прибалхашье» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы Сандугаш Сабетовна Асылбековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы «26» ақпандағы №08/02 қаулысына қосымша Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1 Балқаш қаласы Ленин және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық қалқан 2 З. Сабитова ықшам ауданындағы (№№ 34 және 35 үйлер арасында) ақпараттық қалқан 3 Бөкейханов және Ленин көшелерінің қиылысындағы (№№ 10 және18 үйлер арасында) ақпараттық қалқан 4 Русаков көшесі № 8 үй маңындағы ақпараттық қалқан 5 Саяқ кенті Балхашская көшесі бойындағы «Горняк» клубы ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан 6 Гүлшат кенті Клуб ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан 7 Шұбар-Түбек елді мекенінде Центральная көшесі №37 үй маңындағы ақпараттық қалқан