О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 615 «Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий» Күшін жойған
Басқа 0
«Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 520-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасында:
мынадай мазмұндағы 12-1, 13-1-тармақтармен толықтырылсын:
«12-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүргізіледі.»;
«13-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.»;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссия үш данада жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері күнтізбелік жеті күн ішінде осы Қағиданың 10, 11, 12, 12-1, 13 және 13-1-тармақтарына сәйкес мынадай құжаттармен қоса келісуге жіберіледі:».
Тармақ 2
2. Осы қаулы халық саны екі мың адамнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, халық саны екі мың және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.