О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында: 2-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың және одан көп айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған кезде - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша; ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болған кезде - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген шешімі бойынша;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.