О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы
№ 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41,
521-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй түріндегі мүлік мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне берілген жағдайда, тұрғын үйді қабылдау-беру актісі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.