О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 750 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на организацию и проведение идентификации сельскохозяйственных животных" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында: 2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды көздейді: 1) ауыл шаруашылығы жануарларына (ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа) арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын (ұсақ мал, түйе, шошқа) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын) сатып алуды жүзеге асыру; 3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған (таңбалауға және жапсырмалауға арналған) аппарат сатып алуды жүзеге асыру; 4) жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді және өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер сатып алуды жүзеге асыру.»; «5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау қызметтерін (бұдан әрі - қызметтер), ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын), ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аппаратты, жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді, өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтерді (бұдан әрі - тауар) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.