О внесении изменения в постановление акимата Актогайского района от 1 июня 2012 года № 09/03 "Об оказании дополнительной социальной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы N 09/03 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы N 09/03 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-10-151 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 маусымдағы N 28 (7345) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі қаулының 3 тармағының 1) тармақшасындағы "ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың" сөздері "үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және" сөздеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Қ. Нөкешке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнмен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.