О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года № 184 "Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 31, 408-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2012 жылғы 22 наурыздан бастап 31 шілдеге (қоса алғанда) дейін Қытай Халық Республикасына не оның аумағы арқылы транзитпен, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен бірінші, екінші және үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдаған жағдайда экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негізінде бір тоннаға 4000 теңге мөлшерінде жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.