О внесении изменения в постановление акимата Абайского района от 1 марта 2012 года № 7/05 "Об организации молодежной практики для безработной молодежи, выпускников учебных заведений на 2012 год" Қолданыста
Басқа 0
Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/05 "2012 жылға оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/05 "2012 жылға оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-129 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 мамырдағы N 17 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасы алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.