Об определении черты бедности на 1 квартал 2013 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении черты бедности на 1 квартал 2013 года
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 488-Ө-М
- Қабылданған күні
- 21.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2013 AI69865_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200008213
- ЭКБ идентификаторы
- 69865
- Редакция идентификаторы
- AI69865_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:18
0 2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 370-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7938 тіркелген және 2012 жылғы 10 қазандағы «Казахстанская правда» № 346-347, 2012 жылғы 10 қазандағы «Егемен Қазақстан» № 659-664 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.