О внесении изменения в постановление акимата от 1 апреля 2013 года № 120 «Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора подземных вод на участке скважины № 1 в селе Асенкритовка Тарановского района» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 «Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 «Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4122 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 маусымда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттiк тiлдегi тақырыбында және бүкiл мәтiн бойынша «селосындағы» деген сөз «ауылындағы» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тiлiндегi мәтiн өзгермейдi.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.