О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах, территориальных органах и уставов учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 83956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының жарғысында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Академияның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 55 Б.»;
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының, оның ішінде шет мемлекеттердің ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, басқа да құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне білім беру қызметтерін көрсету;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті (О.С. Мырзабеков) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының бастығы Жарғыда көрсетілген өзгерістерді әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментіне (О.С. Мырзабеков) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.