О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах, территориальных органах и уставов учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi туралы ережеде: Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 2-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Ережедегі өзгерісті уәкілетті әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiң төрағасы А.С.Қайырбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.