О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах, территориальных органах и уставов учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы №662 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын: «4-3) осы бұйрыққа 4-3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті туралы ереже;»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-3-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет туралы ережені әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) Ережені Комитеттің және облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астана және көліктегі полиция департаменттерінің профилактикалық жұмысты үйлестіру бойынша бөліністері жеке құрамын зерделеуін ұйымдастыруды;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Комитетке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 8 желтоқсан №1008 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-3-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) құқық бұзушылық профилактикасын үйлестіруді және ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, халықаралық келісімшарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің қазақ тіліндегі атауы бар мөрлері мен мөртабаңдары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Тармақ 4
4. Комитет өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
Тармақ 5
5. Комитет, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан түсуге құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: индекс 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы Алматы ауданы Тәуелсіздік даңғылы 1.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұза отырып, кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаты, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаты, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаты:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) қылмыстың жай-күйін, оны жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау, талдамалық және болжамды материалдарды дайындау, профилактикалық қызметті жетілдіру;
Тармақша 3
3) ІІМ қызметтері жүргізетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерінде ІІМ бөліністерінің басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару; құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу; мемлекеттік органдардан, ішкі істер органдарының қызметтері мен бөліністерінен құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, ІІМ алқасының жоспарларының, бұйрықтарының, нұсқауларының, шешімдерінің орындалу барысы мен нәтижелері туралы құжаттарды және басқа да ақпараттық материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша барлық құжаттармен және материалдармен танысу, олардың орындалуы туралы қажетті мәліметтер алу; Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ІІМ бөлімшелерінің қызметтерінің және ІІО аумақтық бөліністерінің басшылығының орындауы үшін міндетті нұсқаулар беру; құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына материалдар дайындау, нормативтік актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Парламентіне, Үкіметіне жіберілетін құжаттар мен ақпараттарды әзірлеу үшін ІІМ қызметтерін, ІІО аумақтық бөліністерін, ІІМ білім беру мекемелері мен ұйымдарын белгіленген тәртіпте тарту; оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық конференциялар ұйымдастыру және өткізу; бейінді халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасы ІІМ мүдделерін білдіру; профилактиакалық жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссиялар мен жұмыс топтарын құру, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеті: ІІМ құрылымдық бөліністерінің және аумақтық полиция департаменттерінің құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету; құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру; ІІМ басшылығының профилактикалық қызметке қатысты тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; профилактикалық шаралардың тиімділігі мәселелері бойынша талдамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдар дайындау; профилактикалық бағдарламалардың, оның ішінде ведомствоаралық бағдарламалардың нәтижелілігіне мониторингтеу және бағалау; ведомствоаралық өзара іс-қимылдың алдын алу шаралары мен тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; аумақтық ішкі істер органдарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету; профилактика мәселелері бойынша ІІМ қызметтері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттары арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету; Комитет отырыстарын өткізуді, материалдарды, күн тәртібін, хаттамаларды дайындауды және шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына ІІМ қызметтерімен бірлесіп материалдар дайындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) профилактикалық бағдарламалар мен іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық профилактикасы шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасы және қылмыс факторларының мәселелері бойынша ғылыми, социологиялық және талдамалық зерттеулер ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) сандық жүйелерді, автоматтандырылған аналитикалық платформаларды және криминогендік тәуекелдерді болжау технологияларын қолдану;
Тармақша 5
5) анықталған деректер мен үрдістер негізінде профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 6
6) ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Ұлттық ұлан мен аумақтық полиция департаменттері жүргізетін профилактикалық бағдарламалардың, жоспарлар мен іс-шаралардың орындалуын бақылау;
Тармақша 7
7) профилактикалық қызметтің тиімділігі және профилактикалық шаралардың қылмыстың жай-күйі мен динамикасына әсері туралы ақпарат жинау және талдау;
Тармақша 8
8) профилактикалық іс-шараларды талдау, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімсіз әдістері мен шараларын анықтау;
Тармақша 9
9) ұйымдастырушылық, әдістемелік және ресурстық факторларды қоса алғанда, қажетті нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіретін жағдайларды жою;
Тармақша 10
10) профилактикалық бағдарламаларды түзету, жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 11
11) профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың бірыңғай критерийлерін қалыптастыру және оларды ішкі істер органдарының қызметіне енгізу;
Тармақша 12
12) профилактикалық шаралардың сапасы мен тиімділігі туралы аналитикалық шолулар жасау;
Тармақша 13
13) профилактикалық бағдарламаларды түзету, ресурстарды қайта бөлу және жаңа тәсілдерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 14
14) құқық бұзушылық профилактикасының озық тәжірибелерін жалпылау және оларды масштабтау;
Тармақша 15
15) профилактикалық іс-шараларды іске асыру кезінде ІІМ бөлімшелері мен қызметтерінің, аумақтық ішкі істер органдарының іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) құқық бұзушылық профилактикасына байланысты бағдарламалық құжаттарды бақылау және келісу;
Тармақша 17
17) бөліністер арасында қызметтік ақпаратпен, есептермен және талдамалық материалдармен алмасу;
Тармақша 18
18) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) профилактиканың өзекті мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестер, үйлестіру кеңестері, дөңгелек үстелдер мен жұмыс топтарын өткізу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетке басшылық етуді Комитет төрағасы жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өздерінің функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық қатынастарда Комитетті танытады;
Тармақша 3
3) Министрге Комитеттің құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөліністері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 4
4) профилактикалық жұмысты үйлестіру жөніндегі аумақтық бөлімшелер басшыларын тағайындауды және лауазымдардан босатуды келіседі;
Тармақша 5
5) өзінің құзыреті шегінде және заңнамада белгіленген тәртіпте қызметкерлерді көтермелейді және тәртіптік жазалар салады, сондай-ақ көтермелеу, тәртіптік жазалар салу, материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) Комитет қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, олардың тәртіпті, заңдылықты, құпиялылық режимін сақтауын және кәсіби деңгейін арттыруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 8
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырылады..
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ меншікті қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақшалай табысты қоса алғанда) есебінен құрылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер өзгесі заңнамада көзделмесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.