О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах, территориальных органах и уставов учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 48 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын: «4-4) осы бұйрыққа 4-4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті туралы ереже;»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-4-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет туралы ережені әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) Ережені Комитеттің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің күзет қызметін бақылау бөліністерінің жеке құрамымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі бөліністерімен зерделеуін ұйымдастыруды;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Комитетке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 20___ жылғы «___» _______ №____ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-4-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) күзет қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, халықаралық шарттарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 5
5. Комитет, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан түсуге құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитет ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер – Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған қалаларының, облыстардың және Үкіметтік мекемелерді және Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комитеттің заңды мекенжайы: индекс 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Шәкен Айманов көшесі, 4.
Тармақ 10
10. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлерімен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаты, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаты, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Мақсаты:
Тармақша 1
1) күзет қызметі және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы салаларында полиция департаменттерінің күзет қызметін бақылау бөліністерінің (бұдан әрі – КҚБб, КҚБт) жұмысын үйлестіру;
Тармақша 2
2) күзет қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді және жеке тұлғаларды, сондай-ақ күзетілуі 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына (бұдан әрі – Вена конвенциясы) және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ІІМ-ге жыл сайын ұсынатын тізбеге сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілерді күзету бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылау және қызметті үйлестіру;
Тармақша 5
5) күзет қызметі субъектілерінің, күзетшілерді даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың заңнаманы сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ІІМ бөліністері мен басқа да мемлекеттік органдар арасындағы күзет қызметін және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жүзеге асыру мәселелерінде өзара іс-қимыл жасасуды үйлестіру;
Тармақша 7
7) терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың техникалық нығайтылуын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, заңды тұлғалардың әкімшілігімен және күзетілетін объектілердің лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 8
8) күзет қызметі саласында цифрландыруды енгізу және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) Комитетті және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді ұстауға бөлінген бюджет қаражатын игеру бойынша жұмысты ұйымдастыру, ақылы негізде көрсетілетін күзет қызметтерінен республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне қаражаттың түсуін талдау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) күзет қызметін бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;
Тармақша 2
2) Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің келісімі бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіреді;
Тармақша 3
3) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп терроризмге қарсы қорғалуға, оның ішінде профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға, террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуға, терроризмге қарсы қорғалудың үлгілік паспортын және террористік тұрғыдан осал объектінің инженерлік-техникалық жабдығын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды әзірлейді және өзектендіреді;
Тармақша 4
4) жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді;
Тармақша 5
5) күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;
Тармақша 6
6) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарын әзірлейді;
Тармақша 7
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін және талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жылдық кестесін әзірлейді;
Тармақша 8
8) Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 9
9) Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 10
10) жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп тәртібін әзірлейді;
Тармақша 11
11) жеке күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін әзірлейді;
Тармақша 12
12) күзет қызметі субъектілерінің жұмыскерлерінің пайдалануы үшін арнайы құралдардың тізбесін әзірлейді;
Тармақша 13
13) жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің санының нормативін әзірлейді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық күзет қызметін бақылау бөліністеріне кәсіпкерлік субъектілерінің есептілікті ұсыну нысанын әзірлейді;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының күзет қызметін бақылау бөліністері пайдаланатын есептілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиялардың (қолданыста бар) тізілімін жүргізеді;
Тармақша 17
17) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу үшін хабарлама берген (қолданыста бар) субъектілердің тізілімін жүргізеді;
Тармақша 18
18) күзет қызметімен, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын барлық субъектілерді бірыңғай есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) есепті кезеңдегі ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің күзет қызметі саласындағы қызметтік жұмысының нәтижелері туралы мәліметтерді (есептілікті) жинауды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) өз құзыреті шегінде аумақтық ішкі істер органдарының күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторингтеуді және бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы аккредиттелген ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 22
22) құзыреті шегінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;
Тармақша 23
23) өз қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) заңды тұлғаларға күзет қызметімен айналысу құқығына лицензиялар беруді ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 25
25) заңнамаға сәйкес уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарын айқындауы бойынша екінші санаттағы рұқсаттар беруді жүргізеді;
Тармақша 26
26) министрлік басшылығына талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдарды және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мәліметтерді жинауды, талдауды, дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) уәкілетті органдарда кейіннен қарау үшін Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментімен келісілген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдайды және оларды енгізеді;
Тармақша 28
28) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын (меншік иелерін) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету және оларға сеніп тапсырылған объектілердің тиісті қауіпсіздік деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тарту бойынша құқық қолдану практикасын талдайды;
Тармақша 29
29) Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің персоналы үшін террористік қатерлерден осы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 30
30) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуде өңірлік терроризмге қарсы комиссияларға әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 31
31) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен (меншік иелерімен) осы объектілерді қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 32
32) Терроризмге қарсы операцияны жүргізудің ведомствоаралық жоспарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 33
33) күзет қызметі саласында заңға тәуелді басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 34
34) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қызметінің басым бағыттарын айқындайды;
Тармақша 35
35) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің және жеке тұлғалардың, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді;
Тармақша 36
36) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызмет атқаруын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және мүдделі мемлекеттік органдардың объектішілік және өткізу режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын бекіту бойынша бірлескен бұйрықтарды қарайды және келісуге енгізеді;
Тармақша 38
38) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жетілдіреді, олардың жұмысына озық тәжірибенің практикалық жетістіктерін, ғылым мен техника жетістіктерін енгізеді;
Тармақша 39
39) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің жұмысын мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді және жеке тұлғаларды, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілерді күзету бойынша жұмысты бақылайды;
Тармақша 40
40) Аумақтық ІІО-мен бірлесіп, Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелер күзететін объектілерде және полиция жасақшаларының патрульдеу бағыттарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 41
41) күзетілетін объектілердің техникалық нығайтылуы бойынша және мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің және жеке тұлғалардың, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің күзетін ұйымдастыру мәселелері бойынша талдау жұмысын жүргізеді;
Тармақша 42
42) талдау негізінде мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді және жеке тұлғаларды, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілерді күзетуді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды ІІМ басшылығына ұсынады;
Тармақша 43
43) Комитет қызметкерлері қызметтік және шетелдік іссапарларға мынадай мақсаттарда шығады: – практикалық және әдістемелік көмек көрсете отырып, Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметтік жұмысының ұйымдастырылуын тексеру; – мемлекеттік күзетке қабылдау мәселесін қарау үшін мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын зерделеу; – қажетті күзет бекетін анықтау үшін мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің түгендеуін жүргізу; – мемлекеттік органдар өткізетін командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, сондай-ақ арнайы жедел жоспарлар бойынша оқу-жаттығуларға қатысу үшін; – Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің дағдарыстық жағдайлар қатері және туындаған кездегі іс-қимылдарға жедел-қызметтік дайындық деңгейін бағалау бойынша қорытынды, нысаналы, кенеттен тексерулерді жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) ақпаратты жинауды және талдауды, күзетілетін объектілердегі жедел жағдайдың мониторингін ұйымдастырады;
Тармақша 45
45) дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде жеке құрамның және берілген күштердің іс-қимылдары жөніндегі арнайы жедел жоспарларды әзірлейді;
Тармақша 46
46) күзет қызметін іске асыру кезінде ІІМ, аумақтық ішкі істер органдарының бөліністері мен қызметтерінің іс-қимылдарының келісімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 47
47) ІІМ бөліністері арасында қызметтік ақпаратпен, есептермен және талдамалық материалдармен алмасады;
Тармақша 48
48) күзет қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 49
49) күзет қызметінің өзекті мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестер, дөңгелек үстелдер және жұмыс топтарын өткізеді;
Тармақша 50
50) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 51
51) Комитеттің жұмыс бағыты бойынша ақпараттық және ақпараттық-талдамалық жүйелерді құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
Тармақша 52
52) Мемлекеттік құпиялардың қорғалуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықтарының талаптарының орындалуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 53
53) қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етеді және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерден республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін қаражаттың түсуіне талдау жүргізеді;
Тармақша 54
54) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ІІМ-нің халықаралық ынтымақтастық жоспарларына сәйкес Комитеттің және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарына, арнайы жиындарға және кәсіби оқытудың өзге де нысандарына, сондай-ақ халықаралық курстарға және біліктілікті арттыру бағдарламаларына жібереді;
Тармақша 55
55) қойылған міндеттерді полиция қызметкерлері табысты орындау үшін тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша Комитеттің және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің жеке құрамымен идеологиялық және имидждік жұмысты, сондай-ақ профилактикалық жұмысты өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 56
56) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің ережелерін және басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді, Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде тиісті лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуі мен бекітілуін, сондай-ақ оларды жеке құраммен зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 57
57) өз құзыреті шегінде күзет қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
Тармақша 58
58) Комитет мүдделерін соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда қорғауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді, сондай-ақ бұл жұмысты Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде үйлестіреді;
Тармақша 59
59) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 60
60) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметтік жұмысына қатысты ведомстволық құқықтық актілерді шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 61
61) мемлекеттік сатып алу рәсімін бақылауды жүзеге асырады, Комитеттің және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін бекітілген тиесілік нормаларына сәйкес нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етеді, сатып алынатын жылжымайтын мүлікке, автокөліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен уақтылы хат алмасуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 62
62) Комитет теңгерімінде тұрған қаруды, оқ-дәрілерді, мүлікті және материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 63
63) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қойылған міндеттер шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Комитеттің мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күзет қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіреді;
Тармақша 2
2) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратады, алады және тиісті жауаптар ұсынады;
Тармақша 3
3) меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларынан немесе өзге де лауазымды адамдарынан «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптардың орындалуы туралы мәліметтерді сұратады;
Тармақша 4
4) күзет қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін мәселелер бойынша барлық құжаттармен және материалдармен танысады, олардың орындалуы туралы қажетті ақпарат алады;
Тармақша 6
6) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ІІМ бөліністері мен қызметтері, ІІО аумақтық бөліністерінің басшылығы және ІІМ қарамағындағы ұйымдар орындауы міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде Сыртқы істер министрлігінің және ІІМ басшылығының келісімі бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 8
8) күзет қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссиялар мен жұмыс топтарын құру, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдіктерді тарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді құру, қайта ұйымдастыру, қайта орналастыру және тарату туралы ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 10
10) Комитетті және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан берілген мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ олар құпиялаған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарына, арнайы жиындарға және кәсіби оқытудың өзге де нысандарына, сондай-ақ халықаралық курстарға және біліктілікті арттыру бағдарламаларына оларды жіберуді арқылы Комитет және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырады;
Тармақша 13
13) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады;
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Комитетке басшылық етуді Комитет төрағасы жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады, Комитеттің жұмыс жоспарларын бекітеді, Комитет қызметкерлерінің және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер басшылығының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық қатынастарда Комитеттің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөліністері, Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазаларды қолданады;
Тармақша 5
5) Комитеттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен штаттық саны жөнінде Министрге ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) заңнамаға және Министр бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын, батальондар мен роталардың командирлерін, бөлімдер мен бөлімшелердің бастықтарын, сондай-ақ полиция департаменттерінің күзет қызметін бақылау бөліністерінің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату мәселелерін келіседі;
Тармақша 7
7) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсынады;
Тармақша 8
8) Комитет қызметкерлеріне орта және жоғары басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, сондай-ақ полиция капитанына дейін қоса алғанда кезекті арнаулы атақтарды береді;
Тармақша 9
9) Комитеттің, сондай-ақ оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін белгіленген тәртіппен практикалық көмек көрсету, күзет қызметі бөліністерінің қызметін тексеру және өзге де қызметтік мәселелерді шешу үшін іссапарларға жібереді;
Тармақша 10
10) Комитеттің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жеке құрамы арасында тәрбиелік жұмысты ұйымдастырады, тәртіптің, заңдылықтың, құпиялылық режимінің, қызметтік және кәсіптік даярлықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 12
12) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарында штаттық тәртіптің сақталуын бақылайды;
Тармақша 14
14) Комитеттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының лимиттік және штаттық санын есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 15
15) Министрдің бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
Тармақша 16
16) Комитеттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің штаттық саны туралы есептіліктің жасалуын бақылайды;
Тармақша 17
17) заңнамаға сәйкес Комитеттің жеке құрамына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшылығына еңбек демалыстарын береді;
Тармақша 18
18) Комитеттің және оның қарауындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тарапынан тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 19
19) өз бұйрығымен Комитетте алқалы және консультативтік-кеңесші органдарды (кеңестер, жұмыс топтары, комиссиялар, оның ішінде құпиялылық режимі, аттестаттау, тәртіптік, тұрғын үй-тұрмыстық және өзге де комиссияларды) құрады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитет заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Комитет заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.