О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 1 октября 2015 года № 178 "Об утверждении регламентов государственных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 1 октября 2015 года № 178 "Об утверждении регламентов государственных услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 658
- Қабылданған күні
- 07.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2018 108078_340684.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005663
- ЭКБ идентификаторы
- 108078
- Редакция идентификаторы
- 108078_340684
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:02
0 «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің 2015 жылғы
1 қазандағы № 178
қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 178 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5218 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен қоса қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (бұдан әрі – қайталама куәлік) немесе «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11374 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау және некені (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама немесе стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік немесе «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11374 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11374 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта дәлелді жауап беру;
2) порталда:
қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбаға өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен қоса атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік немесе «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11374 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлік немесе «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11374 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта дәлелді жауап.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса некені (ерлі-зайыптылықты бұзу туралы қайталама куәлік немесе «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11374 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғанын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгіленуі туралы хабарлама немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11374 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта дәлелді жауап.».