О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 «Об утверждении Правил проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независ Күшін жойған
Басқа 0
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
Қағиданың 2-қосымшасында:
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды.»;
Қағиданың 3-қосымшасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бөлігінде сараптама жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен ауыз сумен жабдықтаудың бетіндегі және жерасты негіздерінің санитариялық қорғау аймағын, эпидемиологиялық маңыздылығы бар обьектілердің санитарлы-қорғау аймақтарын қысқарту бөлігінде түзету бойынша келісу;
2) қалалық және ауылдық елді мекендеріне, курорт аймақтарына құрылыс салудың, елді мекендерге жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары;
3) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды.»;
Қағиданың 4-қосымшасында:
1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тапсырыс беруші бекіткен күрделі жөндеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма;
4) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды.»;
Қағидаларға 5-қосымшада:
Реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша):
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (әуеайлақтан 15 км шегінде орналасқан және биіктігі 45 м және одан жоғары объектілер бойынша);
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында және нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген құрылыс жобасын өзге де келісулер.
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі