О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 "Об утверждении Правил проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуни Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін»; Аталған бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігіндегі салалық сараптамаларды орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар, егер тиісті қызмет саласы бойынша қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, ақысыз негізде жүргізеді.». 12-тармақты 8) тармақшамен мынадай редакцияда толықтыру: «8) ұсынылған қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, халық денсаулығын қорғау шараларының тиімді орындалуы, толықтырылуы және жеткіліктігі.». 21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «21. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы деректердің жинақтылығы сараптамалық ұйымдармен және (немесе) құрылыс жобасын және бастапқы құжаттамаларды алған тұлғамен 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде олардың алған күнінен бастап.». 24-тармақтың екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органның ведомствосына немесе орталық немесе аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасымен айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін; Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы немесе оның аумақтық бөлімшелерінде санитарлы-эпидемиологиялық сараптама жүргізу сала уәкілетті органдар ведомстволарына.». 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Экологиялық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар ведомстволарының орталық немесе аумақтық бөлімшелерінің және (немесе) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аттестатталған сараптама ұйымдарының бастапқы құжаттармен бірге жобаның материалдарын электрондық портал арқылы алған күні мемлекеттік экологиялық сараптама, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының басталған күні болып табылады.». 31 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық сараптамаларды қоса алғанда) жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасасқан шартпен белгіленеді, бірақ: 1) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер, ықтимал қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен, сондай-ақ 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабының ережелеріне сәйкес өндірістік обьектілердің санитарлық классификациясына (бұдан әрі - обьектілердің санитарлық классификациясы) сәйкес І категория объектілер бойынша; 2) ықтимал қауіпті санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІ категория объектілер бойынша; 3) ықтимал қауіпті санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІ категория объектілер бойынша, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІІ және IV категория объектілер бойынша.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін жұмыс он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.