О внесении дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 1 июня 2016 года № 227 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Актюбинской области» Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындары белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4975 тіркелген, 2016 жылғы 9-11 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Мұғалжар ауданы» деген бөлім осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5 жолдармен толықтырылсын;
«Ойыл ауданы» деген бөлім осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес реттік нөмірі 11 жолмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысы бойынша
экология департаменті» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________ Ж. Иманқұлов
21 қыркүйек 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысы Қоғамдық
денсаулық сақтау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Н.Беркімбаева
21 қыркүйек 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі аумақтық бөлімінің басшысы
______________________ Х.Бултеев
21 қыркүйек 2017 жыл
Басқа 7
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 332 қаулысына 1-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 1 маусымдағы
№ 227 қаулысына қосымша
2.
Темір өзені
жағажай
Сағашилі елді мекені
3.
Елек өзені
жағажай
Ақкемер ауылы
4.
Жем өзені
жағажай
Бірлік ауылы
5.
Жем өзені
жағажай
Ембі қаласының шекарасында
Басқа 8
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 332 қаулысына 2-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 1 маусымдағы
№ 227 қаулысына қосымша
11.
Қайыңды өзені
жағажай
Ақжар ауылы