О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2016 года № 49 «Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о регулировании торговой деятельности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 0. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 135 мен 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 493-НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы __________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің _________________________________________________________ саласында/аясында 138-бабына сәйкес _________________________________________________ сауда объектiлеріне қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________ __________________________________________________________________________ Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ________________________________________________________________ №, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________ __________________________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________ __________________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 2 3 4 1 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________ лауазымы қолы _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ _______________________________________________ ____________________ лауазымы қолы _______________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)