О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2016 года № 629 «Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационному органу в сфере высшего и послевузовского образования и правил признания аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования, в том числе зарубежных» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыптың орыс тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады; 1-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарда: тақырыптың орыс тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларында: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) аккредиттеу органының үлестес тұлғасы – құрылтайшылар, аккредиттеу органының басшылығы және олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе ЖЖОКБҰ атынан аккредиттеу органын таңдау мәселелері бойынша қол қою немесе ресми шешімдер қабылдау құқығы берілген жекжаттар немесе Аккредиттеу кеңесінің құрамына кіретін органдар;»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) мүдделер қақтығысы – аккредиттеу органының құрылтайшылары болып табылатын, оның басшылығы мен ЖЖОКБҰ-ның басшылығын жүзеге асыратын адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері өзінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін.»; 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы аккредиттеу органы, оның iшiнде шетелдiк аккредиттеу органы осы бұйрықпен бекiтiлген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарға (бұдан әрi – Талаптар) сәйкестігін растау ретінде тану рәсімінен өту үшін Жұмыс органына ЖББП арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:»; 10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жыл сайынғы есепке аккредиттеу органының құрылтайшылары мен басшылық құрамының тізімі, сондай-ақ аккредиттеуден өткізу туралы шартты жасасу кезінде ЖЖОКБҰ мен аккредиттеу органы қол қоятын үлестестіктің, мүдделер қақтығысының және шарттық міндеттемелерінің жоқ екендігі туралы өтініш қоса беріледі.»; мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын: «10-1. Аккредиттеу органын таңдау туралы ЖЖОКБҰ-ның шешіміне, сондай-ақ аккредиттеу органдары үшін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу кезінде аккредиттеу органының шешіміне әсер ететін жағдайларды болдырмау мақсатында мынадай талаптар белгіленеді: 1) аккредиттеу органының ЖЖОКБҰ басшылығымен үлестес тұлғаларының, атап айтқанда, аккредиттеу органы басшыларының, сондай-ақ құрылтайшыларының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының болмауы; 2) аккредиттеу органы құрылтайшыларының, басшылығының осы ЖЖОКБҰ-ның басшылығымен мүдделер қақтығысының болмауы; 3) аккредиттеуді өткізу кезеңінде аккредиттеу органы мен ЖЖОКБҰ арасында өзге де шарттық міндеттемелердің, оның ішінде аккредиттеу органының және (немесе) оның қызметкерлерінің осы ЖЖОКБҰ-ға сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсету фактілерінің болмауы. 10-2. Шартты жасасу кезінде Аккредиттеу органы мен ЖЖОКБҰ аккредиттеу органының шешіміне әсер етуі мүмкін үлестестіктің, мүдделер қақтығысының және шарттық міндеттемелердің жоқтығы туралы өтінішке қол қояды.»; 11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) аккредиттелген ЖЖОКБҰ-мен аккредиттеу органының үлестес болу және мүдделер қақтығысы, сондай-ақ мүдделер қақтығысы туралы хабардар етпеу, шешімдерді заңсыз қабылдау, осы Қағидалардың 10, 10-1 және 10-2-тармақтарында белгіленген өз міндеттемелерін орындамау не тиісінше орындамау фактілерін анықтау.»; 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган)
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2026 жылғы 19 маусымдағы № 301 бұйрығына қосымша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 4-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган) Ұйымның сайтына сілтеме: ________________________________________ Өтініш ______________________________________________________________________ _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) аккредиттеу органы ретінде тануды және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізуді сұрайды. Аккредиттеу органы білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мынадай халықаралық желілерге енгізілген: _______________________________________________________________ Қоса берілген құжаттар: 1) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 2) ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар; 3) аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі; 4) даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы; 5) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу стандарттары (регламенттері); 6) құрылтайшылардың тізімі. Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________ Электрондық поштасы ___________________________________________ Телефондары ___________________________________________________ Факс ___________________________________________________________ Басшы _________________________________________________________ (Қолы) (Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда)) 20__жылғы «____» _____________ (Толтырылған күні)