О внесении изменения в постановление акимата Жаксынского района от 1 июля 2016 года № а-7/168 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № а-7/168 «Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № а-7/168 «Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 105345 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: преамбула жаңа редакцияда жазылсын: «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 211793 болып тіркелген), Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.