О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2017 года № 100 «О переименовании акционерного общества «Национальное агентство по экспорту и инвестициям «KAZNEX INVEST» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » ___________ №_____ қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына қосымша «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі ___________________________