О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 1 июля 2017 года № 196 «Об утверждении Правил организации и осуществления учебно-методической и научно-методической работы в организациях образования в области культуры» Күшін жойған
Басқа 0
«Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы
1 шілдедегі № 196 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 1 шілдедегі № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15418 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылығы 24 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәдениет саласындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5036 болып тіркелген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17657 болып тіркелген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17669 болып тіркелген Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі