О внесении изменения и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 278 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині және оларды қорғау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы бөлігіндегі басшылықты жүзеге асырады.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) жаңа тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын қамтамасыз ету.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 114-1) жаңа тармақшамен толықтырылсын:
«114-1) тұқым шаруашылығы және астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ол қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.