О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында: 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялағаны күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 0. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 23 шілдедегі № 116 Бұйрыққа қосымша Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына 13-қосымша Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу
Тармақ 1
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасын саралауды ескере отырып, жүзеге асырылады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген: тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар; тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланбайтын тұтынушылар; тұтынушылардың 3-тобы – мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар.
Тармақ 4
4. Босату тарифі мыналар үшін қолданылады: арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушыларға; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарына және оның ведомстволарына; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілеріне. Бұл ретте, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы орталық мемлекеттік органдармен немесе жергілікті атқарушы органдармен жасалған меморандумдар негізінде электр энергиясына босату тарифінен 20 (жиырма) пайызға дейін төмен тарифті қолдануға жол беріледі. Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларының есептемесі
Тармақ 5
5. Тұтынушылар бірінші тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаны есептеу тұтынушылардың бірінші тобына арналған электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті ескеріле отырып, жүзеге асырылады, уәкілетті органның ведомствосы және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мынадай формула бойынша айқындайды: Бсарал1 = Zқолд. * k, теңге / кВтсағ (ҚҚС-сыз), мұндағы: Zқолд. – бірінші топқа арналған қолданыстағы баға, теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); k –тұтынушылардың бірінші тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі:
Тармақша 1
1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейін;
Тармақша 2
2) инфляцияға ықпалын;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік өндірісті дамыту деңгейін;
Тармақша 4
4) энергия үнемдеу үшін ынталандырулар жасауды ескере отырып айқындайтын электр энергиясының шекті бағасының өзгеру коэффициенті.
Тармақ 6
6. Тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (тұтынушылардың үшінші тобы болмаған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады: Бсарал 2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V2, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы: Zi – тұтынушылардың топтары бойынша саралаусыз шекті баға; Vжалпы жыл – энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізудің жоспарланған жылдық көлемі, кВт.сағ.; V1 –тұтынушылар бірінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.; V2 –тұтынушылардың екінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;
Тармақ 7
7. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда, үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады: Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V3 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы: V3 – тұтынушылардың үшінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;
Тармақ 8
8. Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары болған жағдайда, тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады: Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/V3, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз). Тұтынушылар топтары бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеудің бақылау мысалы Мысал: Бастапқы деректер: Zi = 16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Zқолд. = 14,00 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) k = 1,07 Vжалпы жыл. = 2 377,8 млн.кВтсағ., оның ішінде: V1 = 750,8 млн.кВтсағ. VIII = 1 627,0 млн.кВтсағ. Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы үшін (олар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер: VII = 800,0 млн.кВтсағ. VIII = 827,0 млн.кВтсағ. Бсарал III = 15,28 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).
Тармақ 1
1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады: Бсарал I = Zқолд. * k, теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал I = 14,0 * 1,07 = 14,98
Тармақ 2
2. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады: Бсарал III = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI))/VIII теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).
Тармақ 3
3. Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін (тұтынушылардың екі тобы да болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады: Бсарал 2=Zi, теңге/ кВтсағ. Бсарал2=16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI) – (Бсарал2 * V2))/ V3. Бсарал3 = ((16,50 * 2377,8) – (14,98 * 750,8) – (16,50 * 800))/827 = 17,88 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз). Ескертпе: Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.