О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 102 «Об утверждении форм заявления физического лица о применении налоговых вычетов и справки о расчетах с физическим лицом» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16364 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген, жеке тұлғаның салықтық шегерімді қолдану туралы өтінішінің нысанында: алтыншы бөлігінде: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі (нұсқалардың бірінде T белгілеңіз): а) жұбайы (зайыбы) кіріс есептелген әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 - еселенген мөлшерінде қолданатынын (өтінішке жұбайының (зайыбының) колы қойылуы керек); б) жұбайы (зайыбы) кіріс есептелген әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 - еселенген мөлшерінде қолданатынын (өтінішке жұбайының (зайыбының) қолы қойылуы керек)»; аталған бұйрықпен бекітілген, жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысанында: жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Басшы ____________________ _______________ _________ (Тегі Аты Әкесінің аты (егер (мөрдің орны, (қолы)». бұл жеке басын жеке кәсіпкерлік куәландыратын құжатта болса) субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды қоспағанда)
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.