О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 103 «Об утверждении Правил корректировки размера облагаемого импорта в рамках Евразийского экономического союза» Күшін жойған
Басқа 0
«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16384 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларында:
1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 444-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.
2. Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзетеді.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарға мынадай кезектіліктегі құжаттардың бірі:
1) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көрcетiлген шарттар (келiсiмшарттар);
2) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көрcетiлген шот-фактуралар;
3) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрcетiлген тауарға iлеспе және (немесе) өзге де құжаттар;
4) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар жатады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.