О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 104 «Об утверждении критерия отнесения товаров, в том числе подакцизных товаров к импортируемым в целях предпринимательской деятельности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 438-бабының 2) тармақшасына және 461-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызудың мынадай өлшемшарттары бекітілсін: 1) егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше көзделмесе, құны күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен еңбек ақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу; 2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан жеке тұлғаның атына 1 (бір) жыл ішінде келесідей көлемде: теріден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер – бір адамға бір атаудағы 1 (бір) заттан артық; ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық; планшет – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық; стационарлық, тасымалданатын (портативті) компьютер және оған арналған керек-жарақтар – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық; зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) заттан артық; велосипед – бір адамға 1 (бір) бірліктен артық; балалар арбасы – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық; көлік құралдары, оның ішінде құрастырылмаған түрінде – 1 (бір) бірліктен артық. Өлшемшарттар бұрын қолданыста болған және жол жүруге және (немесе) межелі орында қажетті және: жол жүруге және (немесе) межелі орында, оның ішінде маусымдылығын, жол жүру мақсатын, көлік түрін ескере отырып пайдалану; тозу, оның ішінде сызаттар, майысулар, өзге де механикалық зақымданулар, жуу; жапсырмалардың, заттаңбаларының, этикеткалардың, бастапқы орамдарының болмауы жағдайындағы тауарларға қатысты қолданылмайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі