О признании утратившим силу постановления акимата Карасуского района Костанайской области от 1 марта 2018 года № 31 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Карасуского района» Қолданыста
Басқа 0
«Қарасу ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.