О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 669 «Об утверждении натуральных норм снабжения средствами индивидуальной бронезащиты, активной обороны, обеспечения специальных операций, инженерного вооружения, техническими средствами охраны, взрывчатыми веществами и средствами взрывания воинских частей и военных учебных заведений Национальной гвардии Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды қамтамасыз ету, инженерлік қару-жарақ құралдарымен, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 669 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды қамтамасыз ету, инженерлік қару-жарақ құралдарымен, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19211 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде 2019 жылғы 14 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін, оқу бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды қамтамасыз ету, инженерлік қару-жарақ құралдарымен, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормасында: 1-тарауда: 2.15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 15 Мобильді тез жазылатын инженерлік қоршау жинақ 2 2 2 5 жергілікті жердің учаскелеріне тосқауыл қою үшін қоғамдық тәртіпті қорғау батальонына, әскери оқу орнына және оқу бөліміне ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Е. С. Ботақанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде оның көшірмесін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі __________________________ 2021 жылғы «___» _________