О внесении изменений и дополнений в приказ Ответственного секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 8-П «Об утверждении Положения о Комитете по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы №8-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы №8-П бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комитеттің құрылымы, штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппараты басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.