Об утверждении Правил списания суммы пени, числящейся в лицевом счете налогоплательщика по состоянию на 1 апреля 2020 года, и суммы пени, начисленной на сумму недоимки, образованной по налогу на имущество, земельному налогу и налогу на транспортные средства за налоговые периоды до 1 января 2020 года, за исключением обязательств по уплате налога на имущество и земельного налога за 2019 год, до даты ее уплаты, включая день уплаты Күшін жойған
Басқа 0
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 57-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 13 тамызы
№ 730 бұйрығымен
бекітілген
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 57-5-бабына сәйкес әзірленді және есептен шығару тәртібін айқындайды:
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына төлем күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары. Осы тармақшада көзделген өсімпұлды есептен шығару 2019 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезендері үшін салықтық міндеттемелер бойынша қалыптасқан бересінің толық сомасына жүргізіледі. Бұл ретте, бюджетке төленген бересі салық және басқа да міндетті төлемдер түріне сәйкес өсімпұл есептен шығарылады.
Осы тармақшының бөлігінің ережелері салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жеке нотариустар, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар қызметін жүзеге асырумен байланысты емес, салықтық міндеттемелері бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаларға.
Тарау 2. 2-тарау. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару тәртібі
2-тарау. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару тәртібі
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың 1-тармағында көзделінген шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу мақсатында, осы Қағидалар күшіне енген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде салық төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы Комиссия құрады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) салық төлеушілерді есепке алуды және дербес шоттарды жүргізуге жауапты;
Тармақша 2
2) жергілікті салықты әкімшілендіру және өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіруге жауапты;
Тармақша 3
3) салық төлеушілерді тіркеу үшін жауапты;
Тармақша 4
4) берешектермен жұмыс үшін жауапты;
Тармақша 5
5) камералдық бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалар кіреді.
Комиссияны мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе басшының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.
Тармақ 4
4. Комиссия 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасын толық көлемде төлеген, Қағидалардың 1-тармағында көзделінген шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Түгендеу жұмыстары 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізіледі.
Тармақ 5
5. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңіндегі мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасын толық көлемде төлеген, салық төлеушілер, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген түгендеу барысында анықталған, 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, осындай салық төлеушілерді анықтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бересі сомасын төлеуге жататын жағдайда, өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарады (бұдан әрі – Шешім).
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ төленген күнді қоса алғанда төлем күніне дейін есептелген өсімпұл сомалары есептен шығаруға жатады.
Комиссияның Шешіміне Комиссияның төрағасы немесе оның міндетін атқаратын тұлға және оның мүшелері қол қояды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кірістер органы Шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығару жүргізеді.
Есептен шығару дербес шотының «Операцияның және құжаттың мазмұны, жазба (енгізу) негізінде жүргізіледі» деген бағанында алу белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасын салық төлеушінің дербес шотының «Өсімпұл бойынша есептеу» – «Есептелді (төмендетілді)» деген бағандарында көрсету арқылы жүргізіледі:
Салық төлеушінің дербес шотынан өсімпұл сомасын есептен шығару туралы «20 __ жылғы «___» ___________ № ____ Шешім».
Тармақ 7
7. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Комиссия құрылған күннен бастап айына екі рет 5 мен 20 күні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересіні төлеген жағдайда өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есепті ұсынады, бұл ретте түпкілікті есеп 2021 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылады.
Басқа 1
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, есептен шығару Қағидаларына
1-қосымша
нысан
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-5-бабына сәйкес, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бересінің толық көлемде төленгенін ескере отырып, мына салық төлеушілер бойынша 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары есептеп шығарылсын:
теңге
№
Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)
Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бюджеттік классификация коды (БСК)
2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңінде салық міндеттемелері бойынша пайда болған бересіні толық төлеген күні
Төленген бересі сомасы
Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы
1
2
3
4
5
6
7
Жиыны
Х
Х
Х
Комиссия төрағасы ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)
Комиссия мүшелері _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Басқа 2
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, есептен шығару Қағидаларына
2-қосымша
нысан
тенге
№
Мемлекеттік кірістер органының коды
Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН
Салық төлеушінің аты, жөні, тегі
Бюджеттік классификация коды (БСК)
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезені үшін салық міндетттері бойынша есептелген бересі сомасының толық төленген күні
Төленген бересі сомасы
Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы
күні
сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиыны
Х
Х
Х
Х
Х
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)