Об утверждении Правил списания суммы недоимки по сбору с аукционов, числящейся в лицевых счетах частных судебных исполнителей по состоянию на 1 января 2021 года, до 1 января 2023 года, а также суммы пени, начисленной на сумму такой недоимки Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-9-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-9-бабына сәйкес әзірленді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару тәртібі
2-тарау. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару тәртібі
Тармақ 2
2. Дербес шоттарды түгендеу мақсатында, жеке сот орындаушыларының дербес шоттарын іріктеу үшін мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларының дербес шоттарын жүргізу орны бойынша Комиссия құрады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) жеке сот орындаушыларының есебін және дербес шоттарын жүргізуге;
Тармақша 2
2) өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруге;
Тармақша 3
3) жеке сот орындаушыларын тіркеуге;
Тармақша 4
4) берешекпен жұмыс жасауға;
Тармақша 5
5) камералдық бақылауға жауапты лауазымды тұлғалар енгізіледі. Комиссияны мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.
Тармақ 4
4. Комиссия жеке шоттарында 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі (бұдан әрі – бересі) сомасы, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл (бұдан әрі – өсімпұл) сомасы бар жеке сот орындаушыларының жеке шоттарын іріктеу үшін жеке шоттарын түгендеу бойынша жұмысты жүргізеді. Түгендеу 2021 жылғы 25 ақпанға дейін жүргізіледі. Жеке сот орындаушыларының дербес шоттарында осы тармақта көзделген түгендеу аяқталған күннен кейін аукционнан алынатын алым, бересі, сондай-ақ өсімпұл бойынша есептелген (есептелген) сома туындаған кезде мұндай сомаларды есептен шығару Комиссия құрмай 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген дербес шоттарында бересі және өсімпұл сомасы бар жеке сот орындаушыларының дербес шоттарын іріктеу үшін дербес шоттарын түгендеу аяқталғаннан кейін Комиссия осындай жеке сот орындаушыларының дербес шоттары анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шешім (бұдан әрі – Шешім) шығарады. Бересі есептен шығарылған күнге (бересі есептен шығарылған күнді қоса алғанда) есептелген бересі мен өсімпұл сомасы есептен шығаруға жатады. Комиссия шешіміне комиссия төрағасы және оның мүшелері қол қояды.
Тармақ 6
6. Шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы есептен шығару күніне бересі және өсімпұл сомасын есептен шығарады. Есептен шығару жеке сот орындаушысының дербес шотының «Кемітілді» – бересі сомасы, «Өсімпұл бойынша есептеу» – «Есептелді (кемітілді)» – минус белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы бағандарында және дербес шоттың «Операцияның және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжаттың мазмұны» бағанында шығарылған Шешімнің жазбалары көрсетіле отырып, жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша) мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі –Комитет) 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді. Жеке сот орындаушыларының дербес шоттарында аукциондардан алымның, бересінің, осындай бересінің сомасына есептелген өсімпұлдың есептелген (есептелген) сомасы болған кезде 2021 жылғы 1 сәуірден кейін, бірақ 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей Есепті есептен шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер органдары Комитетке табыс етеді.
Басқа 1. № ____ шешімі
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы есептелген аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидаларына 1-қосымша нысан 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы есептелген аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы № ____ шешімі ______________________________________________________________ 20__ жылғы «__» ________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-9-бабына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының жеке шоттарындағы бересі сомасы, сондай-ақ мынадай салық төлеушілер бойынша осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылуға жатады: теңге № Жеке сот орындаушының жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) Жеке сот орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Бюджеттік сыныптама коды (БСК) Есептен шығаруға жататын бересі сомасы Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген (есептелген) аукциондардан алым бойынша бересі сомасы 1 2 3 4 5 6 7 Жиыны Х Х Комиссия төрағасы ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы) Комиссия мүшелері ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)
Басқа 2
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы есептелген аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидаларына 2-қосымша нысан 20__ жылғы «___» _______ бастап 20__ жылғы «___» _______ дейінгі кезеңге 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есебі теңге № Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ко­ды Же­ке сот орын­да­у­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­ме­рі (ЖСН) Же­ке сот орын­да­у­шы­ның аты, те­гі, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды (БСК) Бе­ре­сі со­ма­сын есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы мә­лі­мет Өсім­пұл со­ма­сын есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы мә­лі­мет 2023 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін есеп­тел­ген (есеп­тел­ген) аук­ци­он­дар­дан алым бой­ын­ша бе­ре­сі со­ма­сын есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы мә­лі­мет кү­ні со­ма­сы кү­ні со­ма­сы кү­ні со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Жиы­ны Х Х Х Х Х Х Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары) _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)