Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 347 «Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов»

Бұйрық · № 399 · қабылданған 06.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2021-no-347/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 347 «Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов» Қолданыста Бұйрық ·№ 399 ·06.10.2021
06.10.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 347 «Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 399 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 347 «Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов»
Атауы (қаз.)
«Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
399
Қабылданған күні
06.10.2021
Көрсетілген редакция
06.10.2021 159508_541233.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024770
ЭКБ идентификаторы
159508
Редакция идентификаторы
159508_541233
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:26

0 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларының 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 6 қазандағы
№ 399
бұйрығына қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­лер
Есеп­тік бір­лік
1
Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
1 тұр­ғын
2
Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар
1 орын
3
Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
1 орын
4
Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай және бас­қа да мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
1 орын
5
Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, банк­тер, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі
1 қыз­мет­кер
6
Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар
1 ке­ліп ке­ту
7
Ау­ру­ха­на­лар, өзге де ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі
1 тө­сек-орын
8
Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры
1 оқу­шы
9
Мей­рам­ха­на­лар, дәм­ха­на­лар, бас­қа­да кө­ніл кө­те­ре­тін ғи­ма­рат­тар және қо­ғам­дық та­мақ­та­ну ме­ке­ме­ле­рі
1 оты­ра­тын орын
10
Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт зал­да­ры, түн­гі клуб­тар, ой­ы­н­ха­на­лар, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның за­лы, ин­тер­нет-ка­фе­лер, ком­пью­тер­лік клуб­тар
1 оты­ра­тын орын
11
Мұ­ра­жай­лар, көр­ме­лер
Жал­пы ала­ңы 1 м2
12
Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
Жо­ба бой­ын­ша 1 орын
13
Спорт, би және ой­ын зал­да­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
14
Азық-тү­лік, өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар дү­кен­де­рі, су­пер­мар­кет­тер
са­уда ала­ңы 1 м2
15
Ма­ши­на­лар­дан са­ту
са­уда ор­ны­ның 1 м2
16
Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, сө­ре­лер
Са­уда ала­ңы 1 м2
17
Өнер­к­ә­сіп­тік, азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме ба­за­ла­ры, қой­ма­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
18
Тұр­мыстық қыз­мет кор­се­ту үйі: ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту
Жал­пы ала­ңы 1 м2
19
Вок­зал­дар, ав­то­вок­зал­дар, әу­е­жай­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
20
Жа­ға­жай­лар, жол­дар­дан кө­ше сме­та­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
21
Дә­рі­ха­на­лар
Са­уда ала­ңы 1 м2
22
Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­мо­биль­ді жуу орын­да­ры, АЖС
1 ма­ши­на-орын
23
Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры
1 жұ­мыс­шы
24
Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі, га­раж­дар, пар­кинг­тер
1 га­раж­ға
25
Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар
1 жұ­мыс ор­ны
26
Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі
Жал­пы ала­ңы 1 м2
27
Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
28
Кі­ші­гі­рім жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры (кі­лт­тер жа­сау және сол си­яқ­ты­лар.)
1 жұ­мыс ор­ны
29
Мон­ша­лар, сау­на­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
30
Қа­ла ау­ма­ғын­да жап­пай іс-ша­ра­лар ұй­ым­да­сты­ра­тын заң­ды, са­ябақ қал­дық­та­ры
1000 қа­ты­су­шы
31
Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі
1 учас­ке

Қолданыстағы