О внесении изменений в совместное постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 1 сентября 2021 года № 4595 и решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 31 августа 2021 года № 78 «Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Актобе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 «Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24355 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; 3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға; 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға; 6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға; 7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға: бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар балалар.». 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «2. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін: 1) жасына байланысты зейнеткерлерге; 2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.».
Тармақ 2
2. Осы Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.