О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 1 марта 2021 года № 5-ж/қ «Об утверждении квалификационных требований к категориям должностей службы экономических расследований Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5-ж/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5-ж/қ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарының қазақ тіліндегі нұсқасы мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «Ескертпе: Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік ерекшелікті білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адамдар, Үлгілік біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін ескерместен, құқық қорғау органының бірінші басшысының шешімі және (немесе) келісімі бойынша құқық қорғау органдарының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Кадр қызметтерінің басшылық лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін персоналды басқару (HR) саласында сертификаттың болуы талап етіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы _________________ Д. Жазықбай 2026 жылғы «___» ___________