О внесении изменений в решение маслихата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 1 октября 2021 года № 8/6 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кызылжарском районе» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 8/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 8/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24719 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырып келесі редакцияда жазылсын: «Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»; 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидалары мен мөлшері бекітілсін.»; аталған шешіммен бекітілген қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 8/6 шешімімен бекітілген»; тақырып келесі редакцияда жазылсын: «Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидалары мен мөлшері»; 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Осы Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидалары мен мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындайды. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.»; 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке тең.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.