О внесении изменении и дополнении в постановление акимата Иртышского района от 1 июня 2022 года № 161/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении Аппарат акима Иртышского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ертіс ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 161/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ереженің «Мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіліктері» 2-тарауы толықтырылсын және мынадай өзгеріс енгізілсін: «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде дала өрттерінің профилактикасы және сөндіру жөніндегі іс-шаралар»; - дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтардағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады; - өрттерді сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылған күштер мен құралдарды меншік түріне қарамастан жанар-жағар маймен, азық-түлікпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. «Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі шаралар» - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету жатады. - «әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету».
Тармақ 2
2. «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Ареновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.