О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 1 февраля 2022 года № 19 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы в Жамбылской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жамбыл облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 19 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында: 4.13 жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 4.13 Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар 45 869 19 911 5700 »; 10.15 жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 10.15 Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар 41 718 45 869 2350 »; 11.13 жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 11.13 Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар 41 718 10502 »;
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.