О внесении дополнения в постановление акимата Аулиекольского района от 1 февраля 2022 года № 28 «Об утверждении положения государственного учреждения Отдел культуры и развития языков акимата Аулиекольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағының 2-тарауы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды өткізеді».
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.