О внесении дополнения в постановление акимата Аулиекольского района от 1 февраля 2022 года № 28 «Об утверждении положения государственного учреждения Отдел культуры и развития языков акимата Аулиекольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағының 2-тарауы 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
18) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді».
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаулысына 2025 жылғы «____» __________ № ____ «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
келісу парағы
Әкімдіктің мүшелері:
_____________ М. Бекеев
_____________ А. Бекеш
_____________ Ж. Кәкімжанов
_____________ Б. Тұрашов
_____________ Т. Печникова
_____________ А. Жылыспаев
«Әулиекөл ауданы әкімінің
аппараты» (ММ) мемлекеттік
мекемесінің заң бөлімінің басшысы
_____________________ А. Ибраев
«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты»
ММ құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
____________________ А. Исмаилова
КЕЛІСІЛДІ:
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» ММ басшысы
______________ Г. Кожеғалиева
2025 жылғы «___» ___________