О внесении изменения в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 1 марта 2022 года № 5 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалықбайқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру» жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектігі бар балалар бойынша есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. «Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-149 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына 10-қосымша «Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
Тармақ 1
1. Осы «Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мүгедектігі бар балалар туралы есеп» (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта Заңда және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады: бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.
Тармақ 3
3. Статистикалық нысанды барлық емдеу - профилактикалық ұйымдар толтырады. Заңды тұлға орналасқан жері бойынша статистикалық нысанды өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бойынша деректерсіз, басқа облыстардың аумағында орналасқан және олардың орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тармақ 4
4. 1000-кестеге осы ұйымда байқалатын 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны мен қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі. 1, 2-бағандарда есепті жылдың басында мүгедектігі бойынша есепте тұрған балалар саны көрсетіледі. 3, 4-бағандарда осы ұйым қызмет көрсететін ауданда мүгедектігі бойынша есепке алынған, сондай-ақ есепті жылы жаңадан келген балалардың саны көрсетіледі. 5, 6, 7, 8-бағандарда диагнозын өзгерте отырып және қайтыс болуы бойынша есептен шығарылған мүгедектігі бар балалардың саны көрсетіледі. 9-бағанда есепті кезеңнің соңындағы мүгедектігі бойынша есепте тұрған балалардың саны көрсетіледі (деректер «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізіміндегі № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы» нысанының (№ 052/е нысаны) – 9, 10-бағандардан алынады).
Тармақ 5
5. 1001-кестеде 16 жасқа толуына және кетуіне байланысты бақылаудан шыққан мүгедектігі бар балалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Арифметикалық-логикалық бақылау:
Тармақша 1
1) 9-баған = 1-баған + 3-баған – 5-баған – 7-баған-кестенің – - 1001-кестенің 1-тармағы – 1001-кестенің 2-тармағы әрбір жолдар бойынша;
Тармақша 2
2) 10-баған = 2-баған + 4-баған – 6-баған – 8-баған – 1001-кестенің 3-тармағы әрбір жолдар бойынша;
Тармақша 3
3) 9-баған = 1-баған + 3-баған – 5-баған – 7-баған;
Тармақша 4
4) 10-баған = 2-баған + 4-баған – 6-баған – 8-баған.