О признании утратившим силу приказа Ревизионной комиссии по области Абай от 1 июня 2023 года № 57-п Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Ревизионная комиссия по области Абай» Қолданыста
Басқа 0
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы 1 маусымдағы №57-ө «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 01 маусымдағы №57-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі негізінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Н.А. Құсанға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оған қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.