О внесении изменения в решение маслихата района Шал акына Северо - Казахстанской области от 1 ноября 2023 года № 9/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Шал акына Северо-Казахстанской области» Күшіне енбеген
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/3
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/3 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2026 жылғы 21 шілдедегі
№ 43/1 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2023 жылғы 1 қарашадағы
№ 9/3 шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 9
9) мерекелік күндер (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 10
10) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін қала мен ауылдық округтер әкімдерінің шешімдерімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 12
12) шекті мөлшер - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 14
14) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын цифрлық объект;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек өтініш көрсетілген айдан бастап бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.
Тарау 2. 2- тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2- тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері осы қағидалармен белгіленеді.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымалы мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымалы мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек күнтізбелік жылда 1 (бір) рет, ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балаcы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 15 наурыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, облыстың, ауданның құрметті азаматтарына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 26 сәуір - Халықаралық Чернобыль апаты құрбандарын еске алу күні:
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен жасырынып жұмыс істеушілеріне - 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне - 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған азаматтарға - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына – 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: КСР Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, КСР Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСР Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгі министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСР Одағы Прокуратурасы мен КСР Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні:
мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, келесі жағдайларда:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
жетіжастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға;
жетіжастан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар балаларға;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға;
Тармақша 9
9) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні:
Қазақстанда 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халықтық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын құрайтын аумақта тұрақты тұратын адамдарға - 51 (елу бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 9
9. Бірнеше негіздер болған жағдайда мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына (мемлекет толық қамтамасыз ететін адамдарды қоспағанда) көрсетіледі:
Тармақша 1
1) азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың салдарынан оған не оның мүлкіне нұқсан келтіру себебінен бір мезгілде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;
Тармақша 2
2) азаматқа (отбасына) өрт салдарынан оған не оның мүлкіне нұқсан келтіру себебінен бір мезгілде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;
Тармақша 3
3) туберкулез ауруымен диспансерлiк есепте тұрған адамдарға ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) диспансерлiк есепте тұрған адамның иммунтапшылық вирусын (АИТВ) жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) II, II A не болмаса IV клиникалық топтағы қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарға мерзімді түрде жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) бірінші, екінші және үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы ертіп жүретін ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің біріне емдеу рәсімдерін қоспағанда, жылына 1 (бір) рет тұруға және тамақтануға жұмсалатын нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын санаторий-курорттық ұйым берген құжаттың ұсынылумен;
Тармақша 7
7) ақшалай көмек түрінде:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға қоспағанда, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын тіс протездеудің нақты құнын өтеуге Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, қымбат металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, жұмыс түрлері мен материалдарын (шарт, фискалдық чек) міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан тіс протездеуді төлегенін растайтын құжаттарды көрсеткен кезде жылына 1 (бір) рет;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға қоспағанда, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жылына 1 (бір) рет жол жүру фактісі расталған кезде (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, үзінді) емдеу-профилактикалық мекемелердің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа), көрсетілген көлік құралдарының бір түрінің жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға жол жүрудің нақты құнын өтеуге билеттерді төлеу туралы банктік шоттан) және құжаттарды ұсыну туралы, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде емдеуге жатқызу фактісін куәландыратын (емдеу-профилактикалық мекемеден үзінді және басқалар);
Тармақша 8
8) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедек балаларға берілген шот-фактураға сәйкес тоқсан сайын 50 (елу) айлық мөлшерден аспайтын мөлшерде есептік көрсеткіштер;
Тармақша 9
9) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға қоспағанда, Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, санаторлық-курорттық картадан үзінді көшірме ұсына отырып өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емдеуге санаторлық-курорттық емдеу түрінде, сондай-ақ санаторлық-курорттық ұйым берген шот-фактура мен орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілеріне – санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 10
10) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға қоспағанда, Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу шығындарын өтеуге ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Осы тармақтың 3) - 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтыны ескеріле отырып, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға, жылына 1 (бір) рет;
Тармақша 2
2) жан басына шаққандағы табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын тұлғаларға (отбасыларға), біржолғы.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі.
Тармақ 13
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 14
14. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға, жергілікті атқарушы органға не денсаулық сақтау ұйымдарына сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Әлеуметтік маңызы бар аурулар болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық сыныптамасының кодтарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарымен цифрлық түрде ұсынылады.
Тармақ 15
15. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкіл) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне (бұдан әрi - ЦЖ) Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады.
ЦЖ-де мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Тармақша 3
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтынмүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтынмүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде ЦЖ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.
Бұл ретте ЦЖ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.
Тармақ 16
16. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.
Осы Қағидалардың 6-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе қала, ауылдық округ әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.
Тармақ 17
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Қала, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Тармақ 19
19. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 21
21. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Үлгілік қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өтініш берушіні бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:
өтініш берушіні бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;
цифрлық жүйелерді пайдалану;
өтініш берушіге өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.
Өтініш беруші әкімшілік істі алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылығын білдіруге немесе айтуға құқылы.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға өтініш берушіні тыңдау хаттамасымен танысуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш беруші танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге Үлгілік қағидаларға 5-қосымшаға (бас тартқан жағдайда - Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға) сәйкес әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.
Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.
Өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны өтініш беруші өзі келген кезде береді.
Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.
Тармақ 24
24. Мынадай:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен төлемдерді тағайындау, жүзеге асыру, осы негіз бойынша әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған.
Тармақ 25
25. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешімге шағымдану тәртібі «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) айқындалған.
Тармақ 26
26. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Шал ақын ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына төлем кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 25-інен кешіктірмей аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын мөлшеріне қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.
Тармақ 27
27. Мынадай:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тұрақты тұру үшін Шал ақын ауданынан тыс жерге кеткен;
Тармақша 3
3)алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 2)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу аталғанмән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату үшін негіздердің туындағаны туралы хабарламаны өздері немесе отбасы атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкіл) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға олар басталған күннен бастап жібереді.
Тармақ 28
28. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 29
29. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 30
30. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек төлеуге алушылар санаттарын қалыптастыру тәртібі және Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру процесі Үлгілік қағидалардың 26-32-тармақтарында айқындалады.