О признании утратившим силу решения маслихата района Тереңкөл от 1 марта 2024 года № 1/15 «О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в районе Тереңкөл» Қолданыста
Басқа 0
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы
«Тереңкөл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»
№ 1/15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тереңкөл ауданы мәслихатының «Тереңкөл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1/15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7500-14 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.