О внесении дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 1 июля 2024 года № 133 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление туризма Туркестанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 133 «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 133 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» деген қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін толықтырулар мәтіні
Түркістан облысы әкімдігінің 20__ жылғы «____»__________ № _____ қаулысына қосымша «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін толықтырулар мәтіні
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін: 16-тармақ келесі редакциядағы 1-1), 21-1), 21-2), 21-3), 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 1-1
«1-1) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
Тармақша 21-1
«21-1) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
Тармақша 21-2
21-2) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 21-3
21-3) шығу туризмі саласындағы туроператордың «Туристік міндетті сақтандыру туралы» Заңында белгіленген туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 21-4
21-4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;».