О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 1 июля 2024 года № 134 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры Туркестанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі №134 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» деген қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәтіні
Түркістан облысы әкімдігінің 2026 жылғы « »________________ № қаулысына қосымша «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәтіні «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 16-тармақ: келесі редакциядағы 4-1), 37-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 4-1
«4-1) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
Тармақша 37-2
«37-2) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;»; 21), 24), 25), 30) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
Тармақша 21
«21) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қоспағанда, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз ету;»;
Тармақша 24
«24) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың іс-шараларын орындауды, тарихи-сәулет тірек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қоспағанда, барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жоспарын қоспағанда, тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу;»;
Тармақша 30
«30) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қоспағанда, тиісті аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздеу.».