О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 1 марта 2024 года № 14/219 «Об определении размера и Правил оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14/219 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» 2024 жылғы 1 наурыздағы №14/219 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7704-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
3-1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларының 4-1 тармағына сәйкес есептейді.».
5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға қағидаларға сәйкес есептейді.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) осы шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 2
2) оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Есіл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.